Accessibility links

Украина Ресейдің "қымбат кемесіне" соққы жасағанын мәлімдеді


МПСВ07 кемесі
МПСВ07 кемесі

Украина бас барлау басқармаы 10 қыркүйекте Новороссийск маңында Ресей Қара теңіз флотының кемесін бүлдірдік деп мәлімдеді. Украина барлау қызметінің дерегінше, шабуылға ұшыраған МПСВ07 – апат болғанда құтқаратын көп функционалды қымбат кеме. Ал The Insider сайты бүлінген кеме "Спасатель Демидов" кемесі болуы мүмкін дейді.

Мұндай кемелер адамдарды құтқаруға, мұнай төгілген кезде, катерлер мен суасты құралдарын суға түсіруге, теңіздің түбін тексеруге арналған. Украина барлаушылары мұндай кеменің бағасы 60 млн доллар болатынын, Ресейде төрт дана МПСВ07 барын айтады.

Украина барлау басқармасы "шабуыл Украинада жасалған дрондармен жасалып, кеменің навигациясы мен байланысу аппараты бүлінді, оны жөндеу жұмыстары қымбатқа шығады" деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG