Accessibility links

Түркістан облысында әкесін ұрған ұлы қамауға алынып, келінінің үстінен іс қозғалды


Түркістан полиция департаменті "егде тартқан әкесін ұрған" ұлы мен келініне қатысты қылмыстық іс қозғады. Әкесін ұрды деп күдікке ілінген ер адам уақытша изоляторға қамалды. Бұл туралы полиция департаментіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Бірнеше күн бұрын желіде ер адамның әкесін ұрып жатқан видеосы тараған. Видеода қарияның бетінен қан ағып, орнынан тұра алмай отырғаны байқалған. Кейін ер адам әйелін шақырып, екеуі қарияны үйге сүйреп кіргізеді. Бұл видеоны көршілері түсіріп алған еді. Артынша ақсақалдың қайтыс болғаны айтылған. Ұлы мен келінінің қарт адамды не үшін ұрғаны нақты белгісіз.

Полиция қарияның ұлының үстінен "Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келту" бабымен іс қозғады. Қазір ол қамауға алынды. Қарияның келінінің үстінен де қылмыстық іс қозғалып, оған "қауқарсыз қалған адамды соқты" деген айып тағылған.

Әкесін ұрған еркектің видеосы ата-ананы қадірлеу жайлы жиі айтылатын қазақ қоғамында "адамдардың қатыгездігі" туралы талқы тудырған.

Полиция департаменті видео тарағанға дейін ақсақалдың қазасына қатысты арыз-шағым түспегенін айтады.

XS
SM
MD
LG