Accessibility links

Алматы маңындағы Байсерке ауылында жарылыстан үш адам мерт болды


11 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылы аумағындағы темір-терсек қабылдайтын орында жарылыс болған. Ол жерге полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі дереу жеткен.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиға орнынан үш адам өлі табылғанын, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Биыл 23 мамырда Қарасай ауданындағы Жібек Жолы ауылында орналасқан "АзияАгроФуд" акционерлік қоғамының құрама жем шығаратын кәсіпорнында болған жарылыстан бір адам қаза тауып, ауыр жараланған төрт адам ауруханаға түскен еді. Кейін төртеуі де алған жарақаты салдарынан қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG