Бразилияның Жоғарғы соты экс-президент Жайр Болсонаруды мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп кінәлі тауып, 27 жылға бас бостандығынан айырды.
Судья Кармен Лусия 70 жастағы бұрынғы саясаткерді 2022 жылы сайлауда жеңілгеннен кейін астыртын сөз байласып, билікті қайтармақ болды деп таныған үш судьяның бірі болды. Істі жалпы бес судья қараған. Үш жыл бұрынғы президент сайлауында Болсонару солшыл саясаткер Луис Инасиу Лула де Силведен жеңілген еді.
Әскердің бұрынғы капитаны Болсонаруға тағылған айыптар арасында қазіргі мемлекет басшысын биліктен кетіру мақсатында қылмыстық топқа жетекшілік етті деген айып та бар.
Осы аптада Жоғарғы соттың судьясы Луис Фукс бұрынғы президентті барлық эпизод бойынша ақтауды сұраған.
Жаир Болсонару тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарады.
2022 жылдың қазан айында өткен президент сайлауының екінші кезеңінде Луис Инасиу Лула де Силва жеңіске жеткен. Алайда Силваның инаугурациясынан кейін Болсонарудың жақтастары парламент, Жоғарғы сот пен президенттің резиденциясына басып кірмек болған. Нәтижесінде төңкеріс жасау ісі бойынша тергеу басталған.