2026 жылы депутаттар мен парламент қызметкерлерінің жалақысын төлеу үшін 7,8 млрд теңге жұмсалады. Үш жылдық бюджет жобасында осындай сома қарастырылған. Бұл жөнінде қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты.
"Парламенттің қызметін қамтамасыз ету үшін бізде (2026 жылы) шамамен 7,8 млрд теңге қарастырылған – бұл депутаттарды қамтамасыз ету үшін. Сонымен бірге сенат пен парламентте саяси мемлекеттік қызметкерлер бар. Парламенттің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері бар" деді ол.
Қазақстанда екі палаталы парламентте 148 депутат бар: 98-і – мәжіліс, 50 - сенат депутаттары. Парламентте қанша мемлекеттік қызметкері бары белгісіз.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Қазақстанда былтыр сенат пен мәжіліс депутаттарының орташа жалақысы 1 млн теңгеден астам болған.