Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте ВИЧ жұқтырған кей балалардың ата-аналары медициналық қызметке көңілдері толмайтынын айтады. Мамандар мұның себебін қаражат тапшылығымен түсіндіреді.
2 наурыз күні Шымкентте 2006 жылы ВИЧ жұқтырған баланың бірі Бауыржан Байдуллаевтың әкесі Қанат Әлсейітов Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығы мен Ана мен бала орталығының жұмысына көңілі толмайтынын айтып, наразылық танытты.
Шымкентте күн жылып, өрік ағашы гүлдеп кетті. Бірақ ауа райының бұл өзгерісін қауіп көретін тұрғындар да бар.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараз маңындағы Бурыл ауылында "бала өлімі" оқиғасына қатысты наразылықта ешкім ұсталмағанын мәлімдеді. Бұл туралы әкім бүгін халыққа есеп беру жиынында Азаттық тілшісінің сұрағына жауабында айтты.
"Бала өлімі" оқиғасынан соң дүрліккен Бурыл ауылында арнайы штаб жұмыс істеп, тәртіпті полиция қатаң бақылап тұр. Ауылдағы ахуал тұрақтана бастаған.
Бурылдағы жағдай тыныштала бастады. Бірақ ауыл ішіндегі ахуал ауыр. Көшеде этникалық ахыска түріктері сирек көрінеді. Тілшімен тілдескен кейбірі «Бір ақымақ үшін жәбір көргілері келмейтінін» айтты.
Бурыл ауылындағы жағдай тыншыды. Ауыл сыртына әскерден қойылған қоршау алынды. Бірақ тәртіпті қатаң қадағалау шаралары жүріп жатыр.
Жамбыл облысы Бурыл ауылының тұрғындары бала өліміне қатысты толқу кезінде ұсталған ауылдастарын босатуды талап етті.
Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында бала өлтіру оқиғасы тұрғындар наразылығына ұласты. Көшеге шыққан бірнеше адамды полиция ұстаған. Қазір ауыл полиция жасағының бақылауында тұр.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Президент Назарбаевтың тіл туралы сөздерінен кейінгі түрлі аймақтардағы елдің пікірі.
Түлкібас агробизнес колледжінің студенттері «пара беруден шаршағандарын» айтады. Жақында «жақсы баға үшін пара сұраған» осы колледж оқытушысы туралы видео интернетте тарап кеткен еді.
Оңтүстіктегі «пара алу»
Бес баласымен жесір қалған шымкенттік Гүлмира Сағымова отбасының бір айлық кірісі 28 мың теңге екенін айтады.
Шымкент қаласында былтыр 110 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек сұрап әкімдікке келген. Бірақ жәрдем сұрағандардың бәрі бірдей көмекке мұқтаж емес екені де айтылады.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орындарының студенттері Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Таңертеңгілік жаттығу» жасады. Биліктің дерегінше, бұл шараға 30 мың студент қатысқан.
Сарыағаштағы кісі өлімінен кейін шыққан жанжалдан бері бір жыл өтті. Қылмысқа айыпты деген адам сотталса да, марқұмның туыстары «шындыққа жете алмағандарын» айтады.
Шымкентте қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 70 отбасыға жәрдем ретінде тегін көмір таратылды.
Шымкенттік кәсіпкер әр аптаның жұма күндері бірнеше жүз бөлке нанды мұқтаж жандарға үлестіріп жатыр.
Шымкентте 1713 оқушы сабаққа жаяу барып, қиналып жүр. Білім бөлімі жыл басында оқушыларға бөлінген арнайы көліктердің тоқтатылуына прокуратура анықтаған кемшіліктер себеп болғанын айтады.
Тағы