Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астана әкімдігі биылдан бастап барлық жалпы білім беру мектептерін бірыңғай форма қолдануға міндеттеді.
Астаналықтар көлік карталарына ақша салатын терминалдар "жиі істен шығады" деп наразы.
Қазақстан қор биржасында бір АҚШ долларының бағамы 349 теңге 44 тиынға жетті. Теңге бағамының құбылуы жайлы Астана тұрғындарының пікірі.
Министрлік "тұрғындар көлік пен пәтер сатса, зейнетақы қорына жарна аударады" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Қазақстанда митингіге шығып, полиция ұстаған жүздеген белсенді құқық қорғаушыға шағымданды. Олар наразылық шарасы болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін талқылады.
Астана әкімі Әсет Исекешев құрылысы тоқтап тұрған тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті. Қалада он мыңға жуық үлескен уәделі баспаналарын ала алмай жүр.
Астанада бір топ үлескер үйлері мерізімінде салынып болмағанына наразылық танытып, аштық жариялады. Есілдің сол жағалауында орналасқан үлескерлер ақша құйған үйлер биыл салынып бітуі керек еді.
Астанада жеңіл рельсті көлікке жол салып жатқан жұмысшылар жалақыларын талап етіп, жұмыс істеуден бас тартты. Бұл жолды Астана әкімдігіне қарасты компания тапсырысымен қытайлық концорциум былтырдан бастап сала бастаған. 22 шақырымдық жеңіл теміржол жобасының құны екі миллиард долларға жуық.
Астана әкімдігі қаладағы Бөгенбай батыр және Сабыр Рахымов көшелерінің қиылысындағы шағын базардың сыртын қоршамақ. Қала билігінің пайымдауынша, сауда орындары қала көркін кетіріп тұр. Ал сатушылар "базар қоршалса, алушы келмей қалады" деп қауіптенеді.
Германияда тұратын этникалық қазақ белсенді Өмірхан Алтын Азаттыққа берген сұхбатында "Шыңжаңдағы жаппай қамау мен қысым" мәселесін Еуропарламентте қалай көтергенін айтты.
Қазақстан аймақтары Астана қаласының 20 жылдық меретойына тарту әзірлеп жатыр. 2008 жылы, Астананың он жылдығына облыстар скульптуралық композициялар, скверлер, фонтандар сыйлаған болатын.
Қазақстан Білім және ғылым министрлігі "Алтын белгі" иелеріне қандай басымдылық берілетінін айтты.
21 мамырда жер заңына қарсы бейбіт митинг өтеді деген соң бірнеше қалада күзет күшейді. Қалалық әкімдік ғимараттарын таңертеңнен полиция күзетті. Астанада бірнеше азаматты полиция ұстап, Алматыда екі белсендіні ішкі істер департаментіне шақырған.
Астанада экономикалық форумға жүздеген лектор келген. Олардың лекциясын тыңдау - ақылы. Кей сарапшылар бұл жиынның пайдасы аз дейді.
Діни қызмет жөніндегі жаңа заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заңға қатысты мәжіліс депутаттары мен жұрт пікірі қандай?
Астанада ұсталған белсенділер полиция тәркіленген үялы телефондарын қайтара алмай жүр. Олардың көбіне әкімшілік айыппұл салынған. Назарылыққа шыққандар заттарын іздеп жүргенде Еуропарламент өкілдері "Жаңа Қазақстан" форумы мүшелерімен кездесті.
Мәжіліс депутаттары Қазақстанда өткен наразылық туралы не деді?
Халықаралық баспасөз еркіндігі күні Азаттық тілшілері Астана жұртынан "Қазақстанда сөз бостандығы бар ма?" деп сұрап көрді
Азаттық тілшісі билік партиясының жетекшісінен Қазақстандағы жоққа тән партия бәсекесі туралы сұрап көрді.
Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев "Рухани жаңғыру" аясында шыққан жүз жаңа оқулықтың тұсаукесеріне қатысты. Бұл ел "Рухани жаңғыру" бағдарламасына 2022 жылға дейін 54 миллиард теңге бөлмек.
Тағы