Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астана іргесіндегі Қосшы және Тайтөбе ауылдарының бірнеше тұрғыны сатып алған жерлері мен салған үйлерін екі жылдан бері заңдастыра алмай жүргенін айтып бас прокуратураға барды.
Астанада қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды. Азаттық тілшілері жоба туралы кей министрлердің пікірін білді.
Қазақстандық белсенділер әлімжеттік үшін жауапкершілікті қылмыстық кодекстен алып тастау әйелдердің жағдайын ауырлатқанын айтады.
Астана маңындағы 40-бекет аталатын елдімекендегі Бекболатовтар әулетінің үйін көктемде тасқын бұзып кеткеннен кейін көпбалалы отбасы киіз үйді паналап келген. Күзде алғашқы қар жауып, күн суытқан соң анасы балаларын біреуден уақытша жалдаған сарайға шығаруға мәжбүр болған.
"Деструктивті діни ағым мүшелері" делінген адамдарды күштік құрылымдардың ұстауында заң бұзушылық жоқ па? Ондай азаматтарды абақтыдан шыққан соң бейімдейтін орталықтардың болғаны маңызды ма? Қамауда отырған "деструктивті ағым мүшелерінің" құқығы қалай қорғалады?
Бүгін үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа көші-қон саясаты тұжырымдамасын ұсынды. Бұл концепция бойынша елдегі жұмыс күшін солтүстікке көшіру науқаны ары қарай жалғаспақ.
Өткен демалыс күндері Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірқатар келісімдерге және екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жаңа кезеңі басталғаны туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. "Еуразиялық зерттеулер" бағдарламасының сарапшысы Жұмабек Сарабеков Астана мен Ташкент арасындағы қарым-қатынаст
Азаттық тілшілері мәжіліс депутаттарынан парламентке ұсынылған латын әрпі негізіндегі жаңа әліпбиге байланысты интернет пайдаланушылардың сынына байланысты пікір сұрап көрді.
Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» ұшақ тұратын ангары құрылысын салып жатқан ондаған жұмысшы жалақысын төлеуді талап етті. Өздерін "СТС Генподряд" құрылыс компаниясының жұмысшыларымыз деген 30 шақты адам Астанадағы компания кеңсесі алдына жиналды.
Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Жалтыркөлдің тұрғындары ауылға кіретін тас жолды жауып тастады. Олар Астанадан 12 шақырым жердегі ауылдың іргесіндегі карьерге баратын көліктердің кесірінен қалаға қатынайтын жол бүлінгенін айтады.
Астанада қыста жолаушылар тоңбау үшін 27 "жылы аялдама" салынған. Қала тұрғындары олардың жазғы жағдайына разы емес. 15 тамыз 2017 жыл.
Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жоспарына қатысты Астана тұрғындарының пікірі.
Астанада велосипедпен жүретіндер көбейгенімен, оларға арналған жол жоқ.
Астаналықтар АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының Қазақстанға ықтимал әсері туралы пікірлерін айтты. 8 тамыз 2017 жыл
Азаттық тілшісі 2 тамыздан бастап теңгенің 2 пайызға жуық құнсызданғаны астаналықтарға қалай әсер ететінін сұрап көрді. 3 тамыз 2017 жыл.
Астана түбіндегі Семеновка ауылының көктемдегі тасқын судан үйлері қираған тұрғындары жеке қорлар мен асардың арқасында баспанаға қол жеткізді. Бала-шағасымен әлі көшеде түнеп жүргендері де бар. 2 тамыз 2017 жыл.
Астана қаласының маңында биыл жаз басталғалы бері өзендер, көлдер мен су тоғандарында 13 адам суға батып, қаза тапқан.
Қазақстан әуе күштері өкілдері ресейлік әскери ұшақтың "Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысып, мықтылығын дәлелдегенін" айтады.
Ақмола облысы Целиноград ауданы сотында 640 миллион теңгені талан-таражға салды деген бес адамның ісі айыпталушы Өмірбек Жампозовтың өзіне қол салып қаза табуына байланысты қайта тергелетіні айтылды.
Өмірбек Жампозовтың туыстары марқұмның сүйегін туған жері Таразға алып кетті. Ол өзіне үкім шығатын күні прокурор мен тергеушіні атып жаралап, өзі атылып өлген еді.
Тағы