Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Ақмол ауылына сталиндік репрессияға ұшыраған, атылған не Карлаг лагерьлеріне айдалған адамдардың ұрпақтары жиналды. Олардың арасында постсоветтік елдерден келген кісілер де бар.
Қазақстан мектептерін биыл бітіріп жатқан түлектер «Соңғы қоңырау» мерекесін атап өтті. Бұл мейрам советтік кезеңнен бері жалғасып келеді. Кейбір оқушылар бұл шараның тым ресми екенін айтып, «рок-н-ролл қойып, брейк-дэнс те биленсе» дейді.
Мәжіліс депутаттары зейнетақы қорының шетелдік проблемалық банктегі қаржысына байланысты үкімет пен ұлттық банкке сауал қойды.
Қорғамақ болып, бір қабырғасына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып қойған апалы-сіңілі Ұябаевалардың үйін жергілікті билік күреп тастады. Алайда үй құлатқандар президент бейнесі бар қабырғаға тиіспеді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті билік пен төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметінше, өңірде су деңгейі төмендеп келеді. Бірақ тұрғындар судың беті қайтып бара жатқанына сенбейді.
Астанада "Майский" саяжай массиві тұрғындары - апалы-сіңілілі Раушан және Несіпкүл Ұябаевалар баспаналарының сүрілуіне қарсылық танытып, үйлерінің сыртына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып тастады. Ал қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Александр Строчков "сот шешім
Астанада өткен Сирия мәселесіне байланысты келіссөздің соңғы бөлімінде кепіл елдер қауіпсіз төрт аумақ құруға келісті. Ал Сирия оппозициясының бір өкілі Иранның қатысуына қарсы шықты.
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер үйдің бір қабатынан басталған өртті сөндіріп, ондағы адамдарды сыртқа шығарып алды. Құтқару шарасына тұрғындар да қатысты.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатқан қала тұрғындары бүгінгі мерекеден алған әсерлері туралы айтты.
Азаттық тілшісі былтырғы жерге қатысты шерулердің бір жылдығы қарсаңында парламент депутаттарынан "Содан бері жер дауы шешілді ме?" деп сұрады.
Қазақстанда ирандық режиссердің мұсылман пайғамбарының өмірі жайлы фильмі көрсетіле бастады.
Мәжіліс депутаттарының жылда қайталанатын су тасқынын азайту жөніндегі пікірлері. Астана. 17 сәуір, 2017 жыл.
Бүгін мәжілісте "Жер қатынастарын реттеуге қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерту енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болды
Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттарының жалақылары 30-50 пайызға өсіп, орташа есеппен 600-700 мың теңгеге жетті. Азаттық тілшілері кейбір депутаттардан бұл жаңалықты қалай қабылдағандарын сұрап көрді.
Астана соты Маңғыстаудағы OCC кәсіпорнының жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаевты екі жарым жылға бас бостандығынан айырды
Қазақстан білім және ғылым министрлігі жекеменшік балабақшаларды лицензиялауды қайта енгізуді ұсынады. Мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы өкілі "лицензиялау балабақшаға сұранысты арттыруы мүмкін" дейді
Қазақстанда сәуірдің басынан бері тасқын салдарынан 5 адам қаза болды, бірқатар облыстарда жүздеген адам көшірілді. Жылда қайталанатын апаттың алдын алуға бола ма? Азаттық бұл сауалды мәжіліс депутаттарына қойған еді.
Конституциялық реформалардан соң әділет министрлігі "мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері" деген ұғым қылмыстық кодекстің қандай баптарына енгізілетінін айқындап жатыр. Заң жобасында қылмыстық кодекстің 15 бабына өзгеріс енгізу ұсынылған
Әділет министрлігі әзірлеп жатқан заң өзгертулері жобасында "ауыр қылмыс жасағаны үшін азаматтықтан айыру" жайлы айтылған. Азаттық осы мәселеге байланысты парламент мәжілісінің кей депутаттарының пікірін сұрады
Астананың Алматы аудандық 2-сотында Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (OCC) кәсіпорнының жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаевтың соты өтіп жатыр. Астана, 24 наурыз 2017 жыл.
Тағы