Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев туралы "қамауға алыныпты" деген сыбыс таратушыларға шүйлікті.
Президент Назарбаевтың кезекті жолдауын халыққа түсіндіру үшін ел аралауға шыққан депутаттарды қолдайтындар да, сынайтындар да бар.
Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров ауылшаруашылық саласына субсидиялар бөлудегі жемқорлық себебін "адами фактормен" байланыстырады.
Үлескерлер ел президенті мен үкіметінен құрылысы аяқталмаған үйлерін салуға қаржы бөлуді сұрады.
Қуғындағы оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтің серігі саналатын, "Қазақстан билігі Түркиядан алдырды" деген Жақсылық Жарымбетов "Әблязовтің қылмысына қатысы жоғын" айтады.
Астана жанындағы Қоянды ауылына электр қуаты біресе беріліп, біресе берілмейді. Электр мекемесі тұрғындар қарызын алға тартса, тұрғындар ақшаны уақтылы төлейтіндерін айтады.
"Щебсклад" саяжайы тұрғыны Ерлан Қасымбек қала сыртындағы Жібек жолы ауылынан берілген жерге разы емес.
Астанада қаңтардың 23-і және 24-і күндері Сирия қақтығысы бойынша халықаралық келіссөздер өтеді.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік тапсырыспен түсірілген фильмдерге жұмсалған ақшаның өтемін күтпейтінін айтады. Бірақ тұрғындар ол пікірмен келіспейді.
Жылу жүйесі көмірге тәуелді қаланың экологиясын тазарту үшін белсенділер билікті газдандыру мен сұйытылған газға көшуге үндейді.
Астана әкімшілігінде көлік құрылымын жетілдіру жайлы қоғамдық тыңдау өтті.
Он шақты адам "қазақстандық қыздарды қытай азаматтарымен таныстырамыз" деген неке агенттігінің алдына барды.
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігін "азаматтарды уақытша тіркеуге тұруды міндеттейтін жаңа заң жобасын түсіндіру жұмысы кеш бастады" деп сөкті. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың сөзінше, 7-9 қаңтар күндері 40 мың адам тіркеуге тұрған.
Астанаға уақытша сапар шеккен тұрғындар жаңа талап бойынша тіркелу кезінде сағаттап кезек күтетіндерін айтып шағынады. 6 қаңтар 2016 жыл
Астаналық зейнеткер Баянбай Исраилов советтік жүк машинасынан әскери техникаға ұқсас көлік құрастырды.
Белсенділер Шахандағы үйсіз қалған адамдарға көмек жинап жатыр.
Азаттық тілшілері Астана көшесінде жолықтырған адамдардан жаңа жылдан не күтетіні жайлы сұрады.
Азаттық тілшілері Астана тұрғындарының өтіп бара жатқан жыл туралы пікірлерін сұрады.
Полицейлер 1 қаңтардан бастап көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайды.
2016 жылы Қазақстанда билік «терроршылар» деп сипаттаған адамдардың қатысы бар үш оқиға болды. Ақтөбе мен Алматыда көп адам қаза тауып, Гүлшат ауылында күдікті өзін жарып жіберді.
Тағы