Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Жеті баланың анасы Лилия Круглова тұратын үйдің асты батпаққа айналған. Олар күнде таңертең құрқылдаған бақа даусынан оянады.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мектеп киімінің 50 пайызы Қазақстанда тігілгенін қалайды. Ал ата-аналар оның бағасын қымбат деп санайды.
Астана қаласы әкімдігінің сөзінше, жолдың тозуына «қыстың жылы болуы мен арықтың жоғы әсер еткен».
Астана тұрғындары сайлауға қатысқан-қатыспағандарын, болашақ депутаттардың қандай проблемаларға назар аударғанын қалайтындарын айтты.
Астана студенттерін жаппай мәжбүрлі түрде "Сарыарқа" спорт кешенінде партия жеңісін тойлау дайындығына әкетіп жатыр. 17 наурыз 2016 жыл.
Қазақстанда McDonald's тез тамақтану рестораны желісінің алғашқысы Астанада ашылды.
Астанадағы банктердің бірінің қызметкерлері мен клиенттері эвакуацияланып, жарылғыш зат қойылуы мүмкін деген ғимарат тексерілді. Алайда бұл ақпарат жалған болып шықты.
Қазақстан астанасындағы дүкендерде ауыз су саудасы қызып тұр. Тұрғындардың көбі құбыр суының лас екенін айтады.
«Алауыздық қоздырды» деген айыппен сотқа тартылған азаматтық белсенді Болатбек Біләлов «кінәсін мойындап», үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Астана, 21 қаңтар 2016 жыл.
Астанада «алауыздық тудырды» деп айыпталған құқық қорғаушы, «Антигептил» тобының белсендісі Болатбек Біләловтің соты басталды.
Мәжіліс өзін таратып, елде кезектен тыс парламент сайлауын жергілікті мәслихаттар сайлауымен бірге өткізуді президент Нұрсұлтан Назарбаевтан сұрады.
Астанада 13 желтоқсанда жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевты соңғы сапарға шығарып салды.
Астаналық Екатерина Зайцева "араздықты қоздырды" деген айыппен тұтқындалған азаматтық белсенді Болатбек Біләловті босатуды талап етіп пикет өткізді.
Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының аясында өткен халықаралық конференцияда бұл елдердің әріптестігі мен мәдени қарым-қатынасы сөз болды.
Березовкадағы оқушылар жаппай уланған оқиғадан бері бір жыл өткенде билік мұндағы тұрғындарды көшіруге кірісті.
Жиында сөз сөйлеген вице-премьер Дариға Назарбаева "әдемі киінген қыздарға" қарап, "қайдағы дағдарыс" деп әзілдеді.
Ашраф Ғани Назарбаев университеті студенттерінің алдында сөз сөйледі. Астана, 20 қараша 2015 жыл
«Араздық тудыру» бабымен қамауда отырған үш азаматтың - Болатбек Біләлов, Ермек Нарымбаев және Серікжан Мәмбетәлиндердің жағдайына алаңдаған белсенділер мен туыстары билікті «174-бапты талқылауға шақырып» тарасты.
Астанада жол құрылысы саласындағы компаниялардың «Kaztraffic-2015» халықаралық көрмесі өтіп жатыр.
Оралда үш күнде бір айлық жаңбыр жауды. Кейбір көшелерді су басып, көлік жүре алмай қалды. Биліктің дерегінше, жиналған суды 16 машина тазартып жатыр.
Тағы