Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Астанада салынбақ пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды. Ал Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жатқан жүздеген адамның Абылай ханнан басқаларының сүйегі әлі күнге дейін ғылыми негізде зерттелмеген.
Маусымның 5-і күні Шымкентте бірнеше қоғамдық бірлестіктің төрағалары жиын өткізіп, қаладағы Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназияның мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева мен директоры Айман Жүсіпованың арасындағы дауды сөз етті. Наразы мұғалім «кешірім сұрап, қысым көрсетпеу туралы кепілхат жазып бер
Наразы мұғалім «кешірім сұрап, қысым көрсетпеу туралы кепілхат жазып бермесе, директормен татуласпайтынын» айтты. Мектеп директоры ол ұсыныстан бас тартты.
1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанның қалаларында балалар шеруі өтті. Білім және ғылым министрлігі шараға 80 мың оқушы қатысқанын хабарлады. Ал Алматыдағы шеруге 5 мың бала шыққан.
Шымкенттегі Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы мұғалімі Гүлжан Сәлімбаеваның «міндетінен тыс жұмысқа тартылғанын және мектеп басшылығынан қысым көргенін» айтады.
Шымкенттегі Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева «міндетінен тыс жұмысқа тартылғанын және мектеп басшылығынан қысым көргенін» айтады. Ал мектеп басшылары мұғалімнің қысым көргенін жоққа шығарады. Қалалық білім бөлімі мектептерге тұрғындардың әлеуметтік статусын анықтауға тапсырма берілгенін растады.
Шымкенттегі Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы мұғалімі Гүлжан Сәлімбаеваның «міндетінен тыс жұмысқа тартылғанын және мектеп басшылығынан қысым көргені» жөніндегі сөзіне осы мектеп басшысының орынбасары Айжан Күрішбаеваның уәжі.
Мамырдың 12-сі мен 13-і аралығында Шымкент қаласында Ташкент тауар өндірушілерінің көрмесі өтті.
Өзбекстан кәсіпкерлері елдің жаңа президенті Шавкат Мирзияев билікке келген соң Қазақстанмен саудаға кеңірек жол ашылады деп үміттенеді. Олардың кейбірі Қазақстанда өнімін бірнеше есе тиімді сататынын айтады. Қазақстандық билік өкілі Өзбекстанмен сауда серіктестігі саясаты басталғанын, бірақ көрші ел өнімдерінен ішкі нарықты әлі де қорғау қажеттігін айтады.
Құлдықтан босап шыққан адамдар көрген қорлықтарын ұмыту мүмкін емесін айтады. Ал заңгер «құлдыққа түскен азаматтардың құқығын қорғауда қиындықтар бар» дейді.
Ата-аналар аутизммен ауыратын балаларына жағдай жасалмағандығын айтады. Мамандар науқас балаларға ең әуелі ата-анасы көмек беретінін ескертеді.
Ата-аналар Қазақстанда аутизммен ауыратын балаларды дамытуға қажетті жағдай жасалмағанын айтады. Дәрігерлер оны мойындайды және сырқаттарға жан-жақты ем ұйымдастыру үшін мемлекеттің кешенді шешімі керек екенін айтады. Ал аймақтың білім басқармасы маманы «аутизмі бар балаларға білім беруге жағдай жасалғанын» мәлімдеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті дерегінше, өңірде биыл үш айда «әйелдерге қарсы қылмыс» саны былтыр осындай мерзімде жасалған қылмыстар санынан асып кеткен. Озбыр еркектер арасында анасын ұратындар да, балаға тиісетіндер де, жарын сабайтындар да бар.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті дерегінше, өңірде биыл үш айда «әйелдерге қарсы қылмыс» саны былтыр осындай мерзімде жасалған қылмыстар санынан асып кеткен. Озбыр еркектер арасында анасын ұратындар да, баласына тиісетіндер де, жарын сабайтындар да бар.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ана үйі» дағдарыс орталығында жылына бірнеше тағдыры қиын балалы келіншек тұрмысқа шығады. «Ана үйі» қызметкерлері «орталықты паналаған, баласы бар жас әйелдерге үйленуге ниетті азаматтар көбейгенін» айтады. Әр әйелдің тағдыры әрқилы, біріне баланың әкесі оралса, енді бірі тағдыры ұқсас, бұрын отбасылы болған кісілермен жарасып кетеді. Мамандар мұның «жетістік» екенін айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ана үйі» дағдарыс орталығында жылына бірнеше тағдыры қиын балалы келіншек тұрмысқа шығады. «Ана үйі» қызметкерлері «орталықты паналаған, баласы бар жас әйелдерге үйленуге ниетті азаматтар көбейгенін» айтады.
Шымкентте тұратын Ауғанстан азаматы Мохаммад Парадис «Талибан» содырлары өлтіреміз деп қорқытқан соң Қазақстанға қашып келгенін» айтады. Ол Азаттыққа босқын мәртебесін ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы көші-қон полициясы оның келу мақсаты «босқын мәртебесіне сай келмейтінін» мәлімдеді.
Шымкентте солтүстік аймақтардағы бос жұмыс орындарын ұсынған еңбек жәрмеңкесі тағы өтті. Жұмыс пен баспана болмауы себепті Оңтүстік Қазақстан облысының кей тұрғындары солтүстік аймақтарға көшіп жатыр. Шенеуніктер қоныс аударғандар ішінде түрлі себеппен кері көшіп келгендер де бар екенін жасырмайды, бірақ олардың үлесі мардымсыз екенін айтады.
Тағы