Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте солтүстік аймақтардағы бос жұмыс орындарын ұсынған еңбек жәрмеңкесі тағы өтті. Жұмыс пен баспана болмауы себепті Оңтүстік Қазақстан облысының кей тұрғындары солтүстік аймақтарға көшіп жатыр. Шенеуніктер қоныс аударғандар ішінде түрлі себеппен кері көшіп келгендер де бар екенін жасырмайды,
Шымкент шетіндегі иен үйді паналаған отбасы өлместің күнін кешіп отыр. Жәрдемақы ішер ас пен баспана жалдауға жетпегендіктен, мүгедек әйел қоқыстан темір-терсек жинап өткізеді.
Шымкенттен екі-үш километр қашықта, қараусыз қойма ортасында тұрған 9 шаршы метрлік үйшікке екінші топ мүгедегі Тамара Сейсенова екі немересі және аяғы ауыр келінімен кіріп алған. Олар қараусыз қалған қойма аумағының кімдікі екенін білмейді. Өздерін ешкім қумағанына шүкір етеді. Әкімдік оларға айына 4660 теңге балалар жәрдемақысы берілетінін айтады.
Шымкентте асыраушысынан айырылған қаралы отбасы мектептегі жөндеу жұмысына жегіліп қаза тапқан отағасы - Халел Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта мектебінің мұғалімі Сейітжан Ізбасаровтың қырқын өткізуге әзірленіп жатыр. Ізбасаровтың үш баласы мен жесірі тұрмыстан тарыға бастаған. «Мұғалімді оқу-тәрбие ісінен бөлек жұмысқа салуға болмайтынын» айтқан тиісті мекемелер тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлайды.
Аймақта тапқаны ішіп-жемі мен киім-кешегіне, үй-жайы мен керек-жарағына толығымен жете бермейтін жүз мыңдаған адам бар.
Шымкенттегі бейнелеу өнері музейінде наурыз мерекесіне арналған кәдесый бұйымдардың көрмесі өтті. Көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысындағы қолөнершілер Батырбек Өтеп, Яқия Әуелбеков, Әшірбек Желдібай мен Болатбек Бейісбеков жасаған бұйымдар қойылған. Шымкент, 16 наурыз 2017 жыл.
Шымкенттегі Қошқар ата өзені бойында Наурыз мерекесіне арналған шара өтті. Қала тұрғындарына ұлттық тағамдар таратылып, қолөнер бұйымдары көрмесі, концерт пен спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Шымкенттегі 46 жастағы, алты балалы әрі жалғызілікті ана Ділбәр Құттыбайдың онкологиялық ауруы асқынып, төсек тартып жатыр. Әкелері жоқ, аналары жұмысқа жарамайтын, балалары көшеден полиэтилен пакет жинап күн көретін бұл отбасы жайлы Азаттық бұған дейін жазып, көпшілік көмек науқанын ұйымдастырған.
Шымкенттегі 46 жастағы, алты балалы әрі жалғызілікті ана Ділбәр Құттыбайдың онкологиялық ауруы асқынып, төсек тартып жатыр. Әкелері жоқ, аналары жұмысқа жарамайтын, балалары көшеден полиэтилен пакет жинап күн көретін бұл отбасы жайлы Азаттық бұған дейін жазып, көпшілік көмек науқанын ұйымдастырған еді.
Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Жаңаталап елді мекені тұрғындары электр қуаты қымбат болуына, жиі өшіп қалатынына және қалада отырып ауызсу мен газға жарымағандарына наразы. Әкімдік тек Жаңаталап емес, жалғас жатқан елді мекендердің де жайы осы екенін айтады.
Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Жаңаталап елді мекені тұрғындары электр қуаты қымбат болуына, жиі өшіп қалатынына және қалада отырып ауызсу мен газға жарымағандарына наразы.
Ақпанның 25-і Шымкент көшесінен жаңа туған бала жалаңаш күйінде табылған еді. Бір апта өтпестен Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам ауданынан тағы бір тастанды нәресте табылды. Екі сәби де ауруханада жатыр, аналары әзірге табылмады. Мамандар дерегінше, ата-аналары бас тартып, «Бөбектер үйіне» өткізілген нәрестелер 20 пайызға көбейген.
Шымкентте мектептегі жөндеу жұмысына тартылып, дәнекерлеу кезінде жарылыстан өлген мұғалімнің қазасы мекемелердің еңбек қауіпсіздігін қадағалап, адам өмірін сақтаудағы салғырттығына назар аудартты.
Шымкенттегі Халел Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта мектептің 35 жастағы дене шынықтыру мұғалімі Сейітжан Ізбасаров міндеттерінен тыс жұмысқа жегіліп, ақпанның 26-сы күні мерт болған еді. Тергеу әлі жүріп жатыр.
Шымкентте апатты жағдайда деп танылған ескі үйдің тұрғындары жергілікті билік ұсынған жалдамалы баспанаға барудан бас тартып, өздеріне пәтер беруді талап етіп отыр. Әкімдік "пәтер кезегі келгенде берілетінін" айтады.
Шымкентте Түркістан көшесіндегі 1935 жылы салынған қос қабатты үйде 26 адам тұрып жатыр. Апатты жағдайда деп таныған ескі үйдің тұрғындары жергілікті билік ұсынған жалдамалы баспанаға барудан бас тартып, өздеріне пәтер беруді талап етеді.
Тұрғындар Шымкент қаласын маңындағы ауылдармен жалғап тұрған Жібек жолы көшесінің тозығы жеткенін айтады. Жергілікті билік «жоба мақұлданса, бұл жолды үш жылда жөндеуге болады» дейді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі Шымкент қаласының Ақмырзабай мазаратында көр қазушы болып жұмыс істейтін азамат «айына 12 адамның көрін қазып, ақшасын тапсырыңдар» деп «план қойған» басшыларына наразы. Ал басшы «бұл - план емес, жалақыларын ақтау үшін жасалған міндеттеме» дейді. Жергілікті билік өкілі «кәсіпкерлер жұмысына араласпайтындарын» айтты.
Шымкент қаласында теріс діни ағымдарға өтіп кеткен азаматтарды дәстүрлі дінге қайтару жұмыстары жүріп жатыр. "Беті бері қараған" азаматтың бірі өзінің бұрын қандай дін ұстанғанын айтып отыр. Шымкент, 6 ақпан 2017 жыл.
Тағы