Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте «теріс діни ағымға кірген азаматтарды дәстүрлі ислам дініне қайтару» ісі қалай жүріп жатыр? «Беті бері қараған» адам не дейді, имам қалай әрекет етеді?
Түркістандағы Молда Мұса мектебінің мұғалімдері «мектеп директоры мен оның орынбасарларының үстінен апелляциялық шағым түсіргені үшін» шенеуніктерден қысым көріп отырғандарын айтады. Депутаттар мен шенеуніктер мұны қысым деп санамайды.
ОҚО Сарыағаш ауданында бұған дейін бір рет сотталған Амангелді Батырбековтің үстінен сол іспен тағы үкім шықты. Қайыра арыз түсірген - Сайрам ауданы прокуроры орынбасары Нұрлан Сапаров. Бір іспен екі рет сотталған белсенді рақымшылыққа разы емес, «толық ақталуым керек» дейді.
Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) алимент төлегісі келмейтін азаматтардың саны 2015 жылға қарағанда 2016 жылы 200-ге көбейген. Мыңға жуық борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер өнімдерін өткізуде қиналатын айтады. Жергілікті биліктің сөзінше, олар үлкен жобалардан тайсақтайды.
Шымкентте газ жарылысынан қираған үйдің иесі «барлық техникалық қауіпсіздік шараларын сақтағанын» айтады. Жауапты мекемелер «апатқа үй иесінің салғырттығы себеп болды» деп болжайды.
Шымкентте қаңтардың 8-і күні таңғы сағат төрттер шамасында тұрғын үйде жарылыс болып, жарылыстан 26 жастағы Сабина Орынбаева қаза тапты. Үш адам – ауруханаға, бір адам жансақтау бөліміне түскен.
Оңтүстік Қазақстан облысында жылда жүздеген жасөспірім қыз жүкті болып қалады. Мамандар ерте жүкті болғандар қоғамда кемсіту мен шеттетуге ұшырайтынын айтады.
Желтоқсанның 27-сінде Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық соты «мұғалімдерден пара алу кезінде ұсталған» Молда Мұса мектебінің директоры Гүлнәр Нахипбековаға үкім шығарды.
Балалары церебралды сал ауруына шалдыққан ата-аналар оңалту орталықтарының аз екенін, жолдама алу үшін жылдар бойы кезек күтіп, уақыт өткізіп алатындарын айтады. Билік өкілдері мұндай жағдайды сырқат балалардың көбейіп кетуімен түсіндіреді.
Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 11-12 жасар 59 балаға ВИЧ жұқтырғаны айтылған. Алда 102 балаға ВИЧ жұқтырғанын естірту және оларға қолдау көрсету жұмысы тұр. Мамандар арнайы жоба қажет екенін айтады.
Қоғамдық ұйым өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысында адам саудасы құрбандары азаймай отырғанын айтады. Азаттық тілшісі тілдескен жәбірленушілер сөзінен қылмыскерлердің тәсілі әртүрлі болатыны байқалды. Полиция «жәбірленушілердің көбі шағым түсіруге қорқатынын» мәлімдеді.
Шымкентте «целлофан жинап сатып күнелткен» көпбалалы отбасы Азаттық мақаласынан соң қайырымды жандар азық-түлік, киім-кешек әкеле бастағанын айтады. Билік отбасындағы балаларды мектепке қабылдауға уәде етті.
Шымкентте «целлофан жинап сатып күнелткен» көпбалалы отбасы туралы Азаттық мақаласынан соң оларға азық-түлік және киім-кешекпен көмектескен жандар көбейген. Жергілікті билік отбасындағы оқу бара алмай қалған балаларды мектепке қабылдауға уәде етіп отыр.
Зорлық-зомбылық кесірінен ерте жүкті болып, кәмелетке толмай босанған оқушы қыз баласының әкесі жездесі екенін айтады. Шымкент, 10 қараша 2016 жыл.
Шымкентте жыл басынан бері 5 оқушы қыздың аяғы ауырлағаны тіркелген. Мамандар бұл мәселені ана мен баланың қарым-қатынасы жоғынан және әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан көреді.
Шымкенттегі Қайтпас-2 шағын ауданындағы 420 балаға шақталған 59-мектепте 1502 оқушы үш ауысымда оқиды. Сыныптардың тарлығынан үш парта біріктіріп қойылып, оқушылар сығылысып отыруға мәжбүр. Шенеуніктер Шымкентте тағы он бір мектеп осындай мәселеге душар болуы мүмкін екенін айтады.
Үш ауысыммен оқитын мектептің оқушылары сыныпқа сыймайды, мұғалімдері күні бойы көшеде кезекші. Ал шенеунік "үш ауысымға өту қаупі жақсы мектептерге төнетінін" айтады.
Көпбалалы ана, онкологиялық тіркеуде тұрған Ділбәр Құттыбай Азаттыққа мүгедектік жәрдемақы тағайындау үшін мамандардың «пара сұрағанына», ал жоқшылықтан қалаға кеткенде ауыл әкімдігінің «жәрдемақыны қиып тастағанына» шағымданды. Тиісті органдар оның сөзін теріске шығарады.
Көпбалалы ана, онкологиялық тіркеуде тұрған Ділбәр Құттыбай Азаттыққа жоқшылықтан алты баласын асырай алмай отырғанына шағымданды.
Тағы