Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандар дайындаған қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан билігі мектепте діни бағыттағы киімге тыйым салуға тырысып жатыр. Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір ата-аналар бұл талаппен келіспейді. Сарапшылар "мәселені қоғаммен кеңесіп барып шешу керек" дейді.
Қазанның 20-сы күні Шымкент қаласында жылу тарифін 27 пайызға қымбаттату туралы қоғамдық тыңдау өткен еді. Мұның алдында (шілде) су тарифі - 17 пайызға, табиғи газ құны 10,4 пайызға қымбаттаған еді. Азаттық тілшісінің сауалнамасы.
Электр қуаты мен газ және су қымбаттаған өңірде енді жылу тарифін көтеру сөз болды. Шенеуніктер тарифті бекіткенде «шығынды ескеретіндерін, кейде тұрғындардың мүддесін қорғайтындарын» айтады.
Шымкентте жылу тарифін қымбаттатуды қоғамдық талқыға салуға шақырған белсенді шенеунікке жақпай қалды. Жергілікті депутат бұл мәселеге байланысты «халықты көтерудің қажеті жоқ» дейді.
Шымкенттегі жиында белсенді Сүйін Абулда жылу тарифін көтеруді қоғамдық талқыға салуды сұрады. Оны ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Бақтияр Аталықов жиыннан қуып шықты.
Шымкентте жүздеген ағаш жаңбырдан кейін жауған қарды көтере алмай сынып, кейбірі тамырымен қопарылып қалды. Сынған ағаштарды жинап жүрген жұмысшылар «әр тұрғын үйдің ауласында орта есеппен 10 ағаш зақымданған» дейді. Ресми дерек бойынша, қалада 1872 тұрғын үй бар. Шымкент, 19 қазан, 2016 жыл.
Шымкентте Көрме орталығында «Халық мұрасы» атты қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұл шараға Оңтүстік Қазақстан облысының 40-қа жуық қолөнер шебері қатысты. Шымкент, 14 қазан 2016 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына қарасты Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағы Молда Мұса мектебінің мұғалімдері Света Ысқақова мен Айнұр Шериева және Жәудір Алтыбай «ақша жинауды талап еткен» мектеп басшылығының үстінен шағымданған.
Түркістандағы Молда Мұса мектебінің директоры мен екі орынбасарының «мұғалімдерден пара алу кезінде ұсталғаны» хабарланды. Наразы мұғалімдер ақша жинаудан шаршағандарын айтады.
«Оңтүстік Қазақстан облысы: Ұлы Жібек жолының жүрегі» атты халықаралық туризм форумы өтті. Форумға туризм саласы бойынша қазақстандық және шетелдік 300-ге жуық маман қатысты. Шымкент, 6 қазан 2016 жыл.
Қазақстанға шеттен саяхаттап келетіндер мен ішкі туризмді таңдағандар саны артқанымен, тиісті инфрақұрылым тапшылығы және қызмет көрсету сапасының төмендігі туризмді дамытуға кедергі болып отыр.
Шымкентте жарылған кәріз коллекторы маңында бұзыла бастаған үйлердің тұрғындары «өтемақы төленбейтініне» наразы. Жергілікті билік бұзылған үйлердің иелеріне «көмек берілмейтінін» айтады.
Шымкентке қарасты Чапаев ауылында қаңтар айында кәріз коллекторы жарылып, төтенше жағдай жарияланған еді. Қала әкімдігі коллектор жарылған маңайды қорғау аймағына жатқызып, сот ені 10 метр, ұзындығы 17 үйдің ауданын қамтитын жерді босату туралы шешім шығарған. Сот орындаушылары өткен апта ауылдың тө
Оңтүстік Қазақстан облысындағы үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік осал топтағы әйелдердің мәселесі күрделі екенін айтады. Мұны жергілікті билік те жоққа шығармайды.
Мақтарал ауданы Жамбыл ауылында мектеп оқушылар сабақ уақытында және сабақтан кейін мақта теруге шығып жүр. Оқушылардың ата-аналары балалардың еңбегін "көмек" деп бағалайды. Оңтүстік Қазақстан облысы, 20 қыркүйек 2016 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы мақта алқаптарында мектеп оқушылары мақта жинап жүр. Ата-аналар балаларының мақта жинағанын «көмек» деп біледі. Ал облыстық прокуратура жыл басынан бері бала еңбегін пайдалану дерегі тіркелмегенін айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының мақта еккен диқандары терімші таппай қиналып жатқанын айтады. Мақта өсірушілердің сөзіне қарағанда, Өзбекстаннан келген терімшілер қолдан-қолға тимей жатыр.
Мақтаралдағы диқандар әзер өсірген мақталарын терер кезде де қиналып жатқандарын айтады. Ал жергілікті билік «биыл мақта бітік шықты, шаруалардың еңбегі ақталады» деген пікірде.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Достық ауылы тұрғындары «шекара түбінде күн көру қауіпті әрі қиын» және өздерінің «түгел жұмыссыз» екенін айтса, жергілікті билік өкілдері «тұрғындар өзін-өзі қамтығандар есебінде тұр, әлеуметтік жағдайлары орташа» дейді.
Тағы