Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Достық ауылы тұрғындары «шекара түбінде күн көру қауіпті әрі қиын», өздерінің «түгел жұмыссыз» екенін айтады. Жергілікті билік өкілі «тұрғындар тұрмысы орташа, оларды көшіруге жер бөлінген» дейді.
Сарыағаш ауданында бұған дейін бір рет сотталған белсенді сол шағым бойынша қайтадан істі болды. Аудандық прокурордың орынбасары оның мақаласына наразы.
Шымкенттегі №69 жалпы орта мектеп оқушыларының дене шынықтыру пәнін толық бағдарламасымен оқуға мүмкіндіктері жоқ. Қалалық білім бөлімі «Шымкенттегі тоғыз мектепте спортзал жоқ» деген уәж айтады.
Оңтүстікте жеті ауылдың әкімдері пара беріп жатқанда ұсталғаны хабарланды. Жергілікті билік «бұл оқиғаны интернеттен енді ғана білген», ал білгендері рұқсатсыз пікір айта алмайды.
Мүгедек қызын емдету үшін банктен несие алып, оны өтей алмаған шымкенттік ерлі-зайыпты тамыздың соңында өздеріне қол салуға әрекеттенді. Ал сот орындаушылары оларды қарызды өндіру үшін сатылып кеткен баспаналарынан шығару жұмысы заң шеңберінде жасалып жатқанын айтады.
Мүгедек қызын емдету үшін банктен несие алып, оны өтей алмаған шымкенттік ерлі-зайыпты тамыздың соңында өздеріне қол салуға әрекеттенді. Ал сот орындаушылары баспанадан шығару жұмысын заң шеңберінде жүргізіп жатқандарын айтады.
Шымкенттегі БИІК стадионында бүгін Live Your Goals футбол фестивалі өтті. Халықаралық футбол ұйымдары ассоциациясы (FIFA) аясында Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған шараға қаладағы жалпы орта мектептерден 6-12 жас аралығындағы жүзден аса оқушы қыз қатысты.
Биыл Шымкенттегі 33 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген №28 мектепке жартылай ремонт жасалған. Шымкент, 26 тамыз 2016 жыл.
Шымкенттегі 33 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген мектеп биыл да толық ремонтталмады. Бірақ қалалық білім бөлімі басқаша мәлімет береді.
Шымкентте ВИЧ жұқтырған үш жасар баланың анасы «оның ауруын білген балабақша қабылдаудан бас тартты» дейді. Балабақша басшылығы мұны жоққа шығарады.
Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесінде 2 мың жұмыс орны ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығы дерегінше, қалада 3 мың жұмыссыз тіркеуде тұр.
Шымкентте кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 2 мың бос жұмыс орны ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығы қалада 3 мың жұмыссыз ресми тіркеуде тұрғанын айтады. Шымкент. 24 тамыз, 2016 жыл.
23 тамызда Шымкент әуежайында жүздеген жанкүйер Рио олимпиадасына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының спортшыларын күтіп алды.
Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-сі «Биылғы алғашқы алты айда өңірде 157 әйел өзіне қол салмақ болды. 120 әйел тірі қалды, 37-сі қайтыс болды» деген хабар таратты. Облыста өзіне қол жұмсаған әйелдер 2015 жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға көбейген.
Шымкенттік жалғызбасты көпбалалы ана биыл мемлекеттен мектеп алды дайындық үшін берілетін көмектен қағылғанын айтады. Білім мекемелері көмек кезекпен берілетінін алға тартады.
Шымкенттік жалғызбасты көпбалалы ана тұрмысы нашар отбасылар үшін мектепте берілетін көмектен қағылғанын айтады. Ал білім мекемелері көмек кезекпен берілетінін алға тартады. Алты баланың анасы Гүлбахира Бектұрова биыл да балалары мектепке негізінен ескі киімдерін киіп баратынын айтады.
Солтүстік Қазақстанда Өзбекстаннан көшкен оралмандар саны көбейе түскен. Олар суық өлкенің ауа-райына да, кәсібіне де бой үйретіп алғандарын айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ елдімекенінің маңында Алматы-Ташкент тас жолының бойында орналасқан «ВК Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанындағы темір жолдан өрт шықты. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Тағы