Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Қыздығой Ажарқұловаға үкім шығарды.
Шымкентте «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Қыздығой Ажарқұлова шартты жазаға кесіліп, босап шықты. Ол «ақталмаса, БҰҰ-ға шағымданатынын» айтады.
Қазақстанда жұмыс күші артық оңтүстік өңірден елдің солтүстігіне мемлекеттік бағдарлама бойынша көшіп барғандар жаңа қоныста қиындыққа тап болғанын айтады. Мемлекеттік органдар оңтүстікте жүргізілген үгіт-насихат кезінде «солтүстікке көшіп барғандарға жұмыс пен баспанадан көмек көрсетіледі» деген. Бірақ кейбір қоныс аударушылар әлі күнге уәделі баспана пен жұмысқа қол жеткізе алмай отырғандарына шағым айтады.
Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстанға көшіп барған кей тұрғындар уәделі көмекті әлі алмай, күнкөрістері қиындағанын айтады. Жергілікті билік бұл жағдайды тұрғындардың өздерінен көреді.
Қазақстанның темір жол бекеттерінде қысқа уақытқа аялдаған поез жолаушыларына жеміс-жидек, көкөніс, үйден дайындалған тағам және сусын сатып, күнделікті өміріне нәпақа тауып жүргендерді кездестіресіз. Түлкібас, Шу, Сарышаған станцияларындағы осындай саудагерлер туралы Азаттық фотогалереясы. 19 шілде 2016 жыл.
Қыздығой Ажарқұловаға үкім шығарар алдында кеңесу бөлмесіне кеткен судья қосымша екі куәгерді тыңдауды сұраған прокурордың өтінішін қанағаттандырған соң, сот тергеуі қайта жалғасты.
Шымкентте өтіп жатқан кілемдер көрмесіне бұл бұйымның жүзге жуық түрі қойылған. Шымкент, 7 шілде 2016 жыл.
Шымкенттегі "Нұрсəт" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасына алматылық суретшілер "Ұлы жібек жолы" тақырыбында граффити салып жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданынан 30 отбасы жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Билік оларға жаңа қонысқа орналасқан соң қаржылай жәрдем беруге уәде еткен. Қоныс аударғандар жаңа мекенде өздеріне жұмыс пен үй табылады деп үміттенеді.
Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотының күзетшілері «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық ұйымының жетекшісі, «алаяқтық» бабы бойынша сотталып жатқан Қыздығой Ажарқұлованың ісі бойынша кезекті сот отырысына айыпталушының адвокаты Гүлнәр Жуаспаеваны смартфонын тастап кетпегені үшін кіргізбей қойды.
Шымкенттегі орталық саябақта алғаш рет ұйымдастырылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек жәрмеңкесінде құлағы естімейтін және сөйлей алмайтын 20-ға жуық қыз-жігіт пен олардың ата-аналары наразылық танытты. Олар "қаладағы мекемелер мұндай адамдарды жұмысқа алудан бас тартады" деп ренжиді.
Еңбек жәрмеңкесіне келген мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс табу қиын екенін айтып шағымданды. Жұмыспен қамту орталығы «мұндай жандарды алыңдар деп кәсіпорындарды міндеттей алмаймыз» дейді.
Шаруалар «мамандар дер кезінде дәрілемегендіктен егінімізді шегіртке жеп қойды» дейді. Ал жергілікті биліктің уәжінше, «шегірткенің ордасына жақын жерге егін еккен шаруалардың өздері кінәлі».
Маусымның 14-і түнде Шымкенттегі "Нұрсәт" ықшам ауданын шегіртке басып алды. Облыстағы шаруалар егістіктерін жалмауыз жәндік жалмағанын айтып шағынды.
Гүлсара Құрбанчаева сал ауруына шалдыққан 10 жастағы баласы Өмірбекке қажетті емін қабылдауға мүмкіндігі жоқ екенін айтып қайғырады.
Оңтүстік Қазақстанда тұратын Гүлсара Құрбанчаева ДЦП-мен ауыратын баласына мемлекеттің тегін емін алу үшін бес жыл кезек күткен. Мамандар мұндай дертке шалдыққан балалар көбейіп бара жатқанын айтады.
Шымкентте «жер мәселесіне қатысты митинг болатыны туралы хабар таратқаны үшін» 15 тәулікке қамалған ЖСДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы үйлестірушісі Данияр Құлтаев, белсенділер Ибрахим Әлсерке мен Сүйін Абулда 2 маусым күні кешкі саған 20:00-ден кейін абақтыдан шықты.
Шымкенттік әуесқой велоспортшылар қалада велоинфрақұрылымның дамымағанын айтады. Жергілікті билік велотұрақтар мен төрт-бес көшеге веложол салуды енді жоспарлап жатыр.
Шымкентте шенеуніктер, депутаттар мен судьялардың және еріктілер мен спортшылардың қатысуымен «Билерге тағзым» атты велошеру өтті. Таңғы сағат жетіде басталған шеруге жүзден аса адам қатысты. Олар Шымкенттегі Бәйдібек би ескерткішінен Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Ордабасы тауындағы Бір
Шымкенттегі «Қасірет» мемориалы кешенінде жүздеген адам саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Митингіден тараған жұрт одан кейін саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне кірді. Шымкент, 31 мамыр 2016 жыл.
Тағы