Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Саяси қуғын-сүргін құрбанының ұрпағы «репрессиядан көз жұмғандарды ұмытпау керек» деп біледі. Тарихшылардың сөзінше, ол зұлмат жайлы көп құжаттар Қазақстанда әлі жабық.
31 мамыр - Қазақстанда Сталин тұсындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 79 жыл бұрын (1937 жылдың 2 шілдесінде) Совет Одағында сталиндік репрессия басталды. Ресми деректер бойынша, сол кезеңдегі саяси қуғын-сүргіннен Қазақстанда ширек миллионға жуық адам зардап шеккен, 25 мыңға жуық адам атылған.
Шымкенттегі Спартак спорт алаңында «Басқажол» жастар ұйымы төртінші рет қайырымдылық акциясын өткізді. Жастарды салауатты өмір салтына шақыру және Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне көмектесу мақсатында ұйымдастырылған шараға 30 шақты қыз-жігіт қатысты. Шымкент, 26 мамыр 2016 жыл.
Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахмановтың қабылдауына кірген тұрғындар оның жер мен баспана мәселесін шешуін сұрады.
Кешеден бері мыңдаған шымкенттік мемлекет есебінен тегін жер телімін алу үшін қалалық әкімдікке өтініш тапсырды. Биліктің дерегінше, ол қалада 70 мыңға жуық адам жерге мұқтаж.
Полиция дерегі бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдерге зорлық-зомбылық жасау көрсеткіші жоғары. Әйелдер арасында жағдайын жариялауды қаламайтындар да аз емес дейді мамандар.
Қазақстанда жер мәселесіне байланысты белсенділер мен қарапайым азаматтарды қамау кейінгі екі-үш күнде күрт жиіледі. Астана мен аймақтарда полиция ұстаған, сот 15 тәулікке дейін абақтыға жапқан азаматтар 20-дан асты.
Азаттықтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі Дилара Исаның үйін келген екі полиция қызметкері журналистке прокуратураның шақырту хатын тапсырды.
Шымкентте алғаш рет «Shymkent Art Days 2016» заманауи өнер фестивалі ашылды. «Қазіргі заманның үндеуі» тақырыбымен өтіп жатқан шараға келген жұрт қолөнер бұйымдарын жасау, сурет және граффити салумен айналысатын әртүрлі жастағы шеберлер өнерімен танысты.
«Үйімізді қорғайық!» қоғамдық ұйымы жетекшісі Қыздығой Ажарқұлованың адвокаты Гүлнәр Жуаспаеваны жарты сағаттан астам уақыт сот залына кіргізбей бөгеді. Шымкент, 5 мамыр 2016 жыл.
Шымкенттік белсенділер 21 мамыр күні жер мәселесі жайлы митинг өткізу үшін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың атына өтініш жазды.
Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтар «шамамыз жететін жұмыс табу қиын» дейді. Ал жергілікті билік бұл санаттағылардың 80 пайызының «білімі мен біліктілігі жоқ» екенін айтады.
Бұл шараға Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының өкілдері де қатысып, тұрғындарды солтүстік өңірлерге көшіп барып жұмыс істеуге шақырды.
Оңтүстік Қазақстан тұрғындары баспана мен жұмыстың жоқтығы солтүстік өңірлерге қоныс аударуға себеп екенін айтады. Жергілікті билік бұл проблемаларды халықтың көптігінен көреді.
«Ұрлық» бабымен сотталған азаматтың туыстары оны полицейлердің «азаптағанын» айтады. Ал облыстық ішкі істер департаментінің уәжіне қарағанда, «азаптау туралы шағым дәлелденбеген».
Шымкентте ұрлыққа байланысты сотталған азаматтың анасы Татяна Пак «полиция ұлын ұстаған кезде сабап, тұншықтырғанын» айтады.
Туыстары "полиция азаптады" деп мәлімдеген Константин Кимге қатысты шыққан сот үкімі. Шымкент, 27 сәуір 2016 жыл.
«Ұрлық» бабымен айыпталған Константин Кимге бүгін Шымкентте сот үкімі шықты. Сотталушының туыстары оны полицейлердің «азаптағанын» айтады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті уәжіне қарағанда, «азаптау туралы шағым дәлелденбеген».
Екі аяғынан бірдей айырылған шымкенттік Нұрлан Әуелбеков қалада мүгедектердің жүріп-тұруына жағдай жасалмағандықтан, қиналатынын айтады. Шымкент, 13 сәуір 2016 жыл.
Тағы