Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Шымкентте мүгедек адамның жүріп-тұруына жағдай жасалмағандықтан, қиналатындарын» айтады. Бұл қиындықты шенеуніктер де растайды.
Шымкенттегі шағын аудан тұрғындары оқушылар қауіпсіздігіне алаңдайды. Олар «Шымкент-Алматы» жолында бірнеше баланы көлік қаққанын, мектепке баратын қоғамдық көлік жетіспейтінін айтады. Ал билік өкілдері «уақытша қиындыққа шыдау» туралы кеңес береді.
Шымкенттегі "Қайтпас-1" шағын ауданының 20 шақты тұрғыны жергілікті биліктің назарын өз мәселелеріне – қоғамдық көлік жетіспеушілігі мен жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткеніне аудару үшін 16 сәуір күні "Шымкент-Алматы" тас жолына шықты.
Әр гектарға берілетін демеу қаржы тоқтағасын шағын жерде жылыжай ұстайтындар шығын көбейгенін айтады. Үкімет басым бағыттарға инвестициялық субсидия көлемін ұлғайтуға уәде беріп отыр.
Қазақстанда жылыжай шаруашылықтарының басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.
11 сәуір күні Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында «Үйімізді қорғайық» қоғамдық ұйымының жетекшісі, «алаяқтық» бабымен айыпталған Қыздығой Ажарқұлованың ісі бойынша соттың алдын ала тыңдауы өтті. Шымкент, 11 сәуір 2016 жыл.
Сәуірдің 11-і күні Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында «Үйімізді қорғайық» қоғамдық ұйымы жетекшісі, «алаяқтық» бабымен айыпталған Қыздығой Ажарқұлованың ісі бойынша соттың алдын ала тыңдауы өтті.
Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіби сегіз театр қатысатын «Театр көктемі – 2016» фестивалі (7-9 сәуір аралығында өтеді) басталды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданынан «Сирияға кетті» деп хабарланған Марат Мәуленов пен оның ұлдары жіберген видео-жолдау WhatsApp арқылы тарап жатыр.
27 наурыз күні Шымкенттегі Өзбекстаннан көшіп келген оралмандар Наурызды тойлады. Мерекеге мыңдаған адам қатысты.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам аудандық мәслихат сайлауына түскен Курвонтай Давлетов «сайлау хаттамасы өзгертілгендіктен» жеңілгенін айтады. Оның сөзін сайлау учаскесі төрағасы да растады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы 587-сайлау учаскесі төрағасы Нодирхан Усманов өзіне аудандық сайлау комиссиясы қысым көрсеткен соң аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамасын өзгертуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.
175 тонна өнім тиелген жүк көліктері керуені Шымкенттен Ақтөбе облысына аттанды. Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілген бұл өнімдер Ақтөбе облысында 26-27 наурызда өтетін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінде жергілікті бағадан 10-15 пайыз арзанға сатылады деп жоспарланған.
Шымкенттегі қылмыстық жазасын өтегендерді әлеуметтік бейімдеу орталығына көмек сұрап келген жүзге жуық азаматтың алтауы осы орталықта тұрып жатыр.
Жазасын өтеп шыққан азаматтар жұрттың өздерінен теріс айналатынын, оған қоса жұмыс пен баспана мәселесі де қинайтынын айтады.
Шымкент қаласы Қайнарбұлақ саяжайындағы 149-сайлау учаскесіне келген сайлаушының бірі мәслихат депутаттығына түскен адамдарды танымайтынын айтып шағымданды. Сайлаушы "Сонда кімге дауыс беруім керек?" деп комиссия мүшелері мен бақылаушылардан сұрады.
Шымкенттегі Қошқар Ата өзенінің бойында «Саиль Қошқар-Ата» көктем мерекесі өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған мерекеде ұлттық ойындар ойналып, қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды. Бүгінгі мейрамда облыстың әр өңірінен әкелінген асыл тұқымды қошқарлар да көрсетілді. Шымкент, 18 наурыз 2016 жыл.
Бейсенбі күні Шымкентте қар жауды. Қаладағы кейбір көшелерді жаңбыр суы басып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады. "Қазгидрометтің" мәліметінше, ертең күн + 6 С градусқа дейін жылуы мүмкін.
Шымкенттегі қызғалдақ мерекесінде суреттер көрмесі мен көркемөнерпаздар концерті ұйымдастырылып, саябаққа жаппай гүл отырғызылды.
Шымкенттегі жастар демалыс күндері қаланың орталық саябағында «Домбыра думан» атты шара өткізді. «Қазақтың дәстүрін насихаттауды мақсат етеміз» деген жастар мұндай сауықты апта сайын ұйымдастырмақ жоспарлары барын айтады.
Тағы