Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Желтоқсанның 25-інде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келді.
Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаттары Қарағанды облысында ереуілдеп жатқан шахтерлар жайында пікір білдірді. 12 желтоқсан 2017 жыл
Спорттан екі жылға шеттетілген қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Астанада баспасөз конференциясын өткізді. Ол қанында допингтің қалай пайда болғанын түсінбейтінін, алған сыйақыларды мемлекет талап етсе қайтаратынын айтты.
Астанадағы салынып бітпеген «Жастар - 4» тұрғын үй кешенінің үлескерлері қала әкімімен кездесуді талап етті.
Астанада Қытайда жазықсыз сотталған этникалық қазақтардың туыстары жиналып, Қазақстан және Қытай биліктерінен араша сұрады.
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы парламентте "аш адам шығармашылық тұрғыдан табыстырақ болатынын" айтты. Министр сөзіне депутаттар пікір білдірді.
Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары Алматыдағы Фурманов көшесіне президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді жаппай қолдады.
Былтыр көктемдегі жер митингілерінен кейін үкімет жанынан жер комиссиясы құрылған. Әуелде осы комиссия құрамында болып, кейін шығып кеткен белсенді Мақсат Ілиясұлы 29 қарашада парламент мәжілісі мақұлдаған заң жобасы туралы Азаттыққа сұхбат берді.
Мәжіліс депутаттары жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.
Бірнеше құрылыс компаниясы салған Астанадағы "Махаббат" кешенінің тұрғындары үйден шығып қаламыз деп қауіптенеді. 23 қараша 2017 жыл
Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Азаттықпен сұхбаты.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте: "Шекарада Қазақстан басшысының өзімбілемдігінен блокадаға түстік" деді. Қазақстан парламенті мәжілісінің депуаттары "шекарадағы тексеруді блокада деуге келмейді, орынды шара" деп санайды.
Депутат Кәрібай Мұсырман "үлкен террор" және БАҚ заңы туралы Азаттықтың сұрақтарына жауап берді.
Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Азаттыққа берген арнайы сұхбатында "Парадайз пейперс" құжаттарында ата-жөнінің аталу себебін баяндады (видео - орыс тілінде).
Октябрь революциясына ғасыр толды. Кейбір тарихшылар большевиктер революциясынан кейін Қазақстанда ашаршылық пен жаппай қуғын-сүргін болғанын айтады. Азаттық мәжіліс депутаттарынан "тәуелсіз Қазақстанның Октябрь төңкерісіне көзқарасы қандай болуы керек?" деп сұраған еді.
Азаттық тілшілері мәжіліс депутаттары арасында «қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалды парламентте талқылау керек пе?» деген сауалнама жүргізді.
Бұрынғы экономика министрі "1 млрд теңге көлеміндегі қаржыны жымқырды" деген айыппен ұсталған еді.
Қазақстан мәжілісі әкімшілік айыппұлды 30 пайызға дейін азайту туралы заң жобасын мақұлдады. Азаттық депутаттардан "айыппұл мөлшері халықтың табысына сай ма?" деп сұрап көрді.
Астанада бір топ жолсерік жалақының аздығы, жұмыс жағдайының нашарлығы және мекемелеріндегі парақорлыққа байланысты басшылыққа қарсы шықты.
Астана іргесіндегі Қосшы және Тайтөбе ауылдарының бірнеше тұрғыны сатып алған жерлері мен салған үйлерін екі жылдан бері заңдастыра алмай жүргенін айтып бас прокуратураға барды.
Тағы