Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
AzattyqLIVE хабары «Қазақстандағы діни радикализмнің бетін қалай қайтаруға болады?» деген сауалды теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаймен талқылады.
Астана билігі «Ударный» бау-бақша серіктестігіндегі Толқын Ержігітованы кәмелетке толмаған үш баласымен бірге баспанасынан шығармақ.
"Діни радикалдар" деп сипатталған полиция мен әскерге шабуылдаушылардың туыстары және оқиға куәгерлері Азаттық тілшісіне полициямен атыстың жай-жапсарын баяндады.
Ақтөбедегі атыстан соң Қазақстанда 40 күнге террорлық қатердің «сары деңгейі» жарияланып, SMS-хабарламалар таратылып, БАҚ арқылы ескертпелер жасалды.
Азаттық тілшілері мәжіліс депутаттарынан 5 маусым күні Ақтөбедегі болған полиция мен белгісіз топтың арасындағы атыс жайында сұрап көрді. Астана, 6 маусым 2016 жыл.
Қазақстанда жер реформасына қатысты митингілерді шымкенттік бизнесмен, қамауда отырған Тоқтар Төлешовтің "қаржыландырғаны хабарланды".
Успен кафедралды соборы жанындағы рухани-мәдени орталықта православ әуендерін айтатын хорлардың бүкілқазақстандық фестивалі бірінші рет өтіп жатыр. Қазақстан православ шіркеуі ұйымдастырған шараға төрелік етуге ресейлік өнерпаздар да шақырылған.
Күн жылып, жер құрғағанда жол-потрульдік полициясының кавалериялық взводы қызметін бастайды. Салт атты тәртіп сақшылары Астананың шетіндегі көлік өтуі қиын жолсыз аймақтарда жұмыс істейді.
Астанада таңғы сағат 10:30 кезінде "Бәйтерек" монументі маңына келген адамдарды полиция ұстап әкетті.
Астана тұрғыны 55 жастағы Асан Темірбаевтың үйі қираған соң алты шаршы метр тар қорада тіршілік кешіп жатқанына төрт жыл болған.
Мәжіліс депутаттарының көмекшілері олар «түсіндірме жұмыстарын» жүргізу үшін аймақтарға кеткенін айтады.
Ішкі істер министрлігі көші-қон департаментінің аға инспекторы Нұрғали Рыстанов Қазақстан Үкіметінің №190 қаулысы бойынша Еуразия экономикалық одағына мүше елдерден келген еңбек мигранттарына арналған жеңілдіктер туралы айтып берді.
Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Самат Сәрсенов біраз жұртты наразы еткен мәселені – жерді сату және шетелдіктерге жалға беру жайын түсіндірді. Ол елдегі жерге қатысты өтіп жатқан митингілерді де сөз етті.
Астанада өздерін «Алаш жолы» қозғалысы деп таныстыратын белсенділер бүгін сағат 11-де «Ақжайық» қонақ үйінде маңызды мәлімдеме жасайтынын алдын ала хабарлаған еді. Бірақ, жоспарлы баспасөз мәслихаты өтпей қалды. Шараның неге өтпей қалғаны туралы "Алаш жолы" қозғалысының мүшесі Амандық Дәулетбайұлыны
Астанада тұратын апалы-сіңлілі егде адамдар баспаналарынан айырылғалы отыр. Олардың 9 жыл түрған саяжайдағы үйлері қазір қаланың ортасында қалды. Астана соты қаланы кеңейту үшін алты сотық жерді алу туралы шешім шығарған.
Әлеуметтік желілерде "жер мәселесіне келгенде неге үнсіз қалды?" деп көп сыналатын мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның жауабы.
Азаттық парламент мәжілісі депутаттарынан 24 сәуірде Атырауда жерге қатысты өткен наразылық шарасы жайлы сұрап көрді.
Астанада өтіп жатқан XIII Еуразиялық медиа форумға Ауғанстанның бұрынғы президенті мен Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі келген.
Астанада кей ата-ана оқушыларды сауда орталықтарына апаруға, оған ақша жинауға қарсы. Азаттық тілшісі ойнауға аттанған 100-ден аса оқушының сабаққа кешігіп келгенін көрді.
Мәжіліс депутаттарының кейбірі панамалық заң фирмасының офшорлық әрекеттерге қатысты құжаттарында Нұрәлі Әлиевтің де аты-жөні барын естімегендерін айтады.
Тағы